Сатушы, жүктасушы, даяшы болған жұлдыздар...

Сообщить о проблеме с эфиром

«Кезінде ауыр жүк тиеп, нәпақамды тапқанмын». Дәл осылай өткенін еске алған «Ninety one» -дық «Alem», өмірінде әртүрлі  қызметте еңбек еткенін айтады. Өнердегі кейбір жұлдыздар да, қара жұмысты арланбай-ақ атқарған көрінеді.

Көрерменнің сүйіктісі, Асылхан Төлеповты қалың көпшілік елеулі рөлдерді сомдаған табысты актер ретінде таниды. Алайда, киносаласында бағы жанған өнер иесі, алғашқы ақшасын түсірілімнен емес, базарда жүріп тапқан екен.

Асылхан Төлепов, актёр:                                                                             

- Мен өзім саудада істеген адаммын. Бірден енді жетістікке жете қойған жоқпыз. Бірден киноға түсіп кеткен жоқпыз. Өнер академиясында оқып жүргенімізде, яғни базарда банан сатып жүрген кездерім болды. Ол енді жасыратын түгі жоқ.

Ауыр кезеңді белгілі әнші Жанна Орынбасарова да басынан кешірген. Жарты жылдай даяшы болып жұмыс істеп, кейін эстардаға қадам басқан ол, әркімнің табысының кілті өз қолында дейді.

Жанна Орынбасарова,  әнші:

- Адам мысалға, официант болып жұмыс жасау үшін жаралған жоқ, шопыр бала болып жұмыс жасау үшін жаралған жоқ. Әр адамның мақсаты бар ма, сол мақсатқа өзі жүрсе, сол мақсатқа қарай жетістігіне жетсе, кім оған ешкім оған қарсы болмайды.

Ал, «Найнти уандық» Alem болса, қара жұмысты оқушы кезінінен ақ еш қиынсынбаған.

«Alem», «Ninety one» тобының мембері:

- 7-8 касстарда басталған шығар бірінші жұмыс істеу. Ол жазда, бір-екі күндік жұмыстарға «грузчик» болып. Сосын, барып кел, шауып кел жұмыстар.

Alem бала күнгі табысын қайда жұмсағанын әлі де ұмытпайды.

«Alem», «Ninety one» тобының мембері:

- Бір жерге барып компьютерный ойындарды ойнап қайтасың.  Немесе басқа жерлерле балалармен. Содан кейін официант болдым, сол-ау деймін. Содан кейін бірден музыкаға кетіп қалдым. Одан кейін тойда ақша тауып үйрендім.