Париж сән апталығы

Сообщить о проблеме с эфиром

Актрисаларға Париж сән апталығы ұсынған топтамаларға көз қырын салып қойған жөн болар! Себебі, фэшн-уик аясында киімдерін таныстырған Valentino-ның үлгілері, нағыз қызыл кілемге арналғандай.

Елу жылдық тарихы бар сән үйі, бұл жолы ашық-жарқын түстерге таңдау түсірген.

Ал, атышулы Вивьен Вествуд өз қарсылығын, ерекше қойылым арқылы жеткізді. Топтамасын тың тәсілмен ұсынған ол, дәл осылай сән әлемінде қалыптасқан қағидалардан қашық болуға шақырды.

Андреас Кронталер, «Vivienne Westwood» сән үйінің дизайнері:

- Маған киімдердің әртүрлі пішімде болғаны ұнайды. Осылай ғана адамдардың мінезі туралы білуге болады. Сәнде де еркіндік болғанын қалаймын.