Кеше Баянға туған күн, бүгін Әуелбекованың да басына келді. Жуырда «Назар» тобын құрған әнші, таяуда тағы бір гелзбендке жетекшілік етпек. Бірақ «Кешьюдің» экс-мүшесі қыздардың өзара қарым-қатынасына қобалжуда. Өткені, Мөлдірдің өз басында ұжымдағы құрбыларымен тіл табыса алмаған сәттері жиі болыпты.
Мөлдірдің жобаларының қатары енді «Гауһартас» атты гелзбендпен толықпақ. Алайда, продюсер ұжымдағы қыздардың өзара қарым-қатынасына қатты алаңдаулы. Өйткені, өнер иесі аздаған мерзім ішінде «Назар» тобындағы арулардың арасында кикілжіңдерге куә болған көрінеді.
Мөлдір Әуелбекова, әнші:
- Түсініспеушіліктер болып жатады. Оның барлығын алдын-ала біліп отырамыз біз. Көп сөйлесемін қыздармен. Бізде осында отырып, жиналыстар көп болып жатады. Бір-бірлерінің қателіктерін, бір-бірлеріне айтқызып, сондай бір жақсы тәрбиелік жұмыстар жүргіземіз қолдан келгенше.
Қыздар тобындағы қатаң талаптарды Әуелбековадан артық ешкім білмейтін шығар. Өйткені әнші «Кешью» тобында 6 жылдан астам өнер көрсеткен. Осы уақыт ішінде Мөлдір, Баян басқаратын ұжымдағы әріптестерімен талай мәрте сөзге келіп қалғанын жасырмайды.
Мөлдір Әуелбекова, әнші:
- Өтті әрине! Менде топта болдым ғой 6 жыл. Бізде топта көп құрам ауысқаннан кейін, ол бір үйреншікті жағдай болды. Сол тұрмыстық күнделікті жағдай ғой болар болмас. Жастықпен бір-бірімізге әшейін реніштер ғой болмайтын нәрсеге. Ол жастықтың есесі деп ойлаймын. Қазір кішкене болса да есейдік қой. Жасымыз деген отыздан асып кетті.
Мөлдірдің сөзін, «Гауһартас» тобына қыздарды іріктеуде қазылық етіп отырған Ұшқын Жамалбек те растайды. Әнші жігіт «Алашұлы» тобында өзі өнер көрсеткен шағын есіне алды.
Ұшқын Жамалбек, әнші, композитор:
Қиын тұстары бір-бірімізбен кейде келіспей қаламыз. Одан кейін әрбірінің өзінің өнерден басқа жұмыстары болады. Проблемалардың барлығын тастап, арнайы кіріп, дайындалу керек те. Ол болмағаннан кейін, жаңағы қиындықтар туады.
Мөлдір бастаған қазылар алқасы, әлі де нақты шешім шығармады! Өйткені іріктеуге келген үміткерлердің, вокалдық қабілеті продюсердің талабына сай болмай жатыр.