Бірі бөксесімен, бірі кеше туған баласымен атағын Һәм «абыройын арттыруға» білек сыбана кіріскен. Әсіресе, Кардашьяндар әулеті бұл тізімде көш бастап тұр. Олар бұл жолы тағы қандай жаңалықпен халықты дүр сілкіндірді?
Кардашьяндар әулеті назардан тыс қалғанды ұнатпайды! Естеріңізде болса, «Суперкубок» кешінде Джастин Тимберлейк елді аузына қаратқан болатын. Ал, Кайли Дженнер дереу ана болғаны жайында инста-парақшасына пост жариялап, әншіні көп көзінен тасада қалдырды. Бұл жолы, Хлои Кардашьян құрсағындағы сәбиінің «қыз» екендігі жайында желідегі парақшасына жазды. Осылайша Америка жұртшылығы «Оскар» марапатын емес, Хлоидың шаранасындағы шақалақты қызу талқылауға кіріскен.
Ал Светлана Лобода нені құпияда ұстап жүр?! 35 жастағы украиналық әнші екінші рет ана атанбақ па? Әншінің «жүктіліктілігі» жайлы ақпарат халықаралық «Жара» фестивалінен кейін желдей ескен болатын. Бакуде өткен музыкалық іс-шарадағы суреттерге қарап, көбі Светаның «аяғы ауыр» деп топшылауда. Ал, Лободаның өзі әзірге бұл ақпаратты растамады, не жоққа да шығармады.
Топ-модель Шанель Иманның да ана болуға дайындала бергені дұрыс шығар.
Victoria's Secret періштесі тұрмысқа шықты! 27-ге келген сәнбикенің жары, аяқдопшы Стерлинг Шепард есімді 25 жасар азамат. Екеуінің танысқанына көп болмаған. Бірақ, қос ғашық бір-бірінің тағдыр қосқан жандар екенін алғашқы кездесуден-ақ ұққан көрінеді. Екеуі ұлан-асыр той жасамаса да, өмірлеріндегі айтулы күнді жақындарымен шағын дастархан басында ғана атап өтуді жөн санапты.