Ақбота өз ұлының Айдарқұловтан аумай қалғанына өкіне ме?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Атышулы Дәурен Айдарқұлов пен Ақботаның баласына таяуда тоғыз ай толады. Сейітмағамбет ұлының суреттерін желіге жиі жүктегенімен, смайликтер арқылы жүзін жасырып әлек. Ал, экс-жұбайлардың ортақ некесінен туған бүлдіршін қалай өсіп жатыр? Жас ана алғаш рет Ибраһимнің тәтті қылықтары жайлы айтып берді.

 

Перзентханадан шығарар сәтте, Айдарқұлов экс-жұбайы мен ұлының қасында болғанымен, бүгінде олар бөлек тұрады. Маусым айында бір жасқа толатын Ибраһимді Ақбота жалғыз өзі тәрбиелеп жатыр. Ал, бүлдіршіннің түр-келбетін көргісі келетіндер, Дәуренге бір қараса болғаны...)))

Ақбота Сейітмағамбет, әнші, актриса:

- Көбінесе әкесіне тартса тартқан шығар. Ең бастысы дені сау болса болды. Енді ғана еңбектеп келе жатыр. Тістері шығып келе жатыр. «Ана-ана» деп айтып келе жатыр. «Әке» дейді.

Мөлдірдің бейнебаянындағы мына бүлдіршін әншінің ұлы! Келбетін көрсетпей түсірген Әуелбекова, Салтайды сырт көздің назарынан тыс ұстауды қалайды. Оның айтуынша, бір жарым жастағы балақай әкесі Арыстанның аузынан түсіп қалғандай. 

Мөлдір Әуелбекова, әнші:

- Әкесінен аумай қалған. Өйткені мен «Балапаным» деген әнді шығарған кезде мәтінін де жазылған «әкесінен аумай қалған» - деп. Мен ұлымды еш жерде салмаймын, көрсетпеймін. Мен тіл-көз бар дегенге сенетін адаммын.

Дәрібай Демирел Дастанұлы! Баласының болашақта боксшы болғанын қалайтын Оразбеков, мұрагеріне әзілдеп #DDD лақап атын таңдағанын айтқан-ды! Тоғыз жыл күтіп, екінші мәрте перзент сүйген әнші, кіші атұстары өзінің көшірмесі екенін айтады.

Дастан Оразбеков, әнші:

- «Ұқсамасаң тумағыр» - дейді ғой. Сондықтан да келіншегіме рахмет. Өзімнен айнытпай туып берді. Сондықтан да, менен бақытты әке жоқ шығар деп ойлаймын.