Соңғы кездері желіге тек ұлы екеуінің суретін жүктейтін Мәдина Сәдуақасоваға, фалловерлері тыныштық берер емес. Жұлдыздың жұбайын жанынан көрмеген оқырмандар, түрлі болжам жасап әлек. Ал, орынсыз сауалдардан мезі болған әнші, жұртқа отбасы туралы ашық жауап берді.
Мадина Сәдуақасова, әнші:
-Олжас шығармашылықтың адамы болғанымен, біздің мінезіміз екі түрлі. Мүлдем басқа, ол басқа адам. Мен белсенді болғым келеді, әлеуметтік желілерде де тура солай. Ал, енді менің жолдасым мүлдем басқаша. Оның бір-ақ қана жақын досы бар араластатын. Көпшілік жерлерді ұнатпайды.
Отау тігіп, күйеуінің етегінен ұстаған Мәдинаға, отбасылық өмірдің алғашқы жылдары оңай соқпаған. Себебі, жұлдызға сүйген жары бір жылға жуық сахнаға шығуға мүлде рұқсат бермепті. Сұхбаттар мен түсірілімдер, тіпті әншіге шет елдегі демалыстан да бас тартуға тура келген.
Мадина Сәдуақасова, әнші:
- Мен тіпті тойымнан кейін демалыс та емес, жұмыс та емес барлығы мен үшін жабылды. Тойдан кейін мені ешкім ешқайжерден көре алмай қалды. Өйткені менің жолдасым солай шешті, және де солай ұсыныс айтты.
Әншінің жолдасы халық көзіне түсе беруді ұнатпайтындықтан, бүгінде Мадина әртүрлі жиындарға ұлымен ғана барады. Ал, төрт жасар Әнуар анасының танымалдылығына дән риза.
Мадина Сәдуақасова, әнші:
- Біледі балам, сахнаның адамы екенімді. Үйде концерттік көйлектерді көрген кезде. Мама деп, кейді келіп қалам концерттен сол көйлекпен, әдемі мамам қандай әдемі деп. Кәдімгідей тамсанып. Менің мамам ең сұлу, менің мамам өте әдемі деп.
Мәдинаның өзі сәуір айында аттанатын ән сапарын жиі ойлап жүр. Үйімнен бұрын-соңды көп уақытқа ұзап көрмеппін деген ол, бұл турнесіне отбасын ерте баруы да бек мүмкін.