Бүкіл Нью-Йоркты шулатып, туған күнін дүркіретіп атап өткен Рианна 30-жасқа толды! Әнші меншікті мерекесін есте қаларлықтай етіп тойлау үшін қаржыны тіпті аямаған. Барбадостық сұлудың кешіне Голливудтық танымалдардың тең жартысы келген деседі.
Ди Каприо, Перис Хилтон, Тони Брэкстон және өзге де голливудтық жұлдыздар, Рианна сұлудың туған күнін атап өтуге жиналған. Аталмыш кеште әнші
Saint Laurent сәнгер ұсынған көктемдік топтамадағы алқызыл, қара түс араласқан көйлекпен құлпырып жүрді. Өнерпазды құттықтауға сонау Сауд Арабиядан миллиардер Хассан Джамиль де келген. БАҚ өкілдері, бизнесмен мен поп-орындаушының арасында бір сезімнің ұшқыны барын жарыса жазып жүр. Ең қымбат мейрамханада өткен қуаныштың, 1 млн долларға жуық шығынын Рианнаның сүйіктісі өз мойнына алған.
Кэмерон Диас, осыдан біраз уақыт бұрын: «бала сүйіп, үй шаруашылығымен айналысқым келеді» деп, БАҚ өкілдеріне сұқбат берген болатын. 45 жастағы актриса жүктілігін қанша жасыруға тырысқанымен, қырағы папарацци көзіне дүкен аралап жүрген сәтінде түсіп қалған. Ол енді мансабынан түбегейлі бас тартып, күйеуі мен баласына көп көңіл бөлуді қалайды екен.
Джастин Теру телебағдарламалар мен ток-шоуларға қатысудан бас тартуда. Бұның себебі, актердың Джениффер Энистонмен ажырасуы. Инсайдерлер Джастин қалың күйзеліске түсіп, өзін жоғалтқан деседі. Шығармашылығына да уақытша үзіліс жариялапты. Ал экс-жұбайлар, бұл даулы мәселеген байланысты, әлі де ешқандай ресми сұқбат бермеді.