Дәл қазіргі сәтте, сән әлемінің астанасы - Милан қаласында да ел естімеген қызықтар болуда. Фэшн Уик аясында танымал дизайнерлер нағыз төңкеріс ұйымдастырған.
Сән апталығында алғашқы болып топтамасын танысырған «Гуччи» бренді, көрсетілім залын нағыз емхана палатасына айналдырыпты.
Қолдарына өз бастарының көшірмесі мен жыланды ұстап шыққан сәнбикелер, кеш меймандарының қорқынышын тудырды. Осындай тың тәсілмен топтамасын таныстырған Алессандро Микеле, бұл жолы түс таңдауда да аянып қалмапты. Әсем образдар мен ерек локация! Бұл шоу көпке дейін есте қалмақ.