Ләйлә Сұлтанқызы тағы да кітап жазбақ.

Сообщить о проблеме с эфиром

Жаһандық дизайнерлер сынды, енді Ләйлә Сұлтанқызы да өз есімін басқа мемлекеттерге мәшһүр етуге ниетті. Тележүргізуші  шетелдік баспа нарығында танылу үшін, ағылшын тілінде кітап шығаруды көздеп отыр. Мақсатым – қазақ әйелдерін әлемге әйгілеу дейді ол.

Ләйлә Сұлтанқызының «Әйел» атты кітабының жарық көргеніне тура бір ай. Қазақ аруларының сан түрлі тағдырын негіз еткен дәл осы еңбегі, көпшіліктің қызығушылығын оятқан. Тележүргізушінің сөзінше, кітаптың сатылымы да жаман емес.

Ләйлә Сұлтанқызы, тележүргізуші:

-Бір айдың ішінде, біз бес мың данамен шығарсақ, жартысына жуық өтті ғой деймін қателеспесем.

Қазақ әйелінің бүгінгі қоғамдағы, жанұядағы, жеке басындағы мәселесін   жазған тележүргізуші, енді шет елдегі қаракөз қандастарымыз туралы қалам тартпақ. Бұл Ләйлә Сұлтанқызының келесі кітабының тақырыбы.

Ләйлә Сұлтанқызы, тележүргізуші:

-Әр түрлі мемлекетте тұратын қазақ әйелдері бірі биік дәрежеде өзін көрсете алып жүр, енді бірінің жағдайы қиын. Жалпы сондай оқиғалардың басын қосып, ағылшын тілінде арнайы тек қана шетелдерге кітап қылып шығаратын ойым бар.

Бүгінде Сұлтанқызының әр күні тығыз кестеге түзілген жоспарлардан тұрады. Сұқбаттар, түсірілімдер, кездесулер. Мәселен Ләйлә, араға жиырма жыл салып өзі оқыған қара шаңыраққа келіп отыр.

Ләйлә Сұлтанқызы, тележүргізуші:

- Он тоғыз-жиырма жылдан кейін келіп тұрмын. Мүлдем басқа, ешқандай қорқыныш та жоқ екен. Студенттерде кішкентай қыздар ғой, сол кездегі. Әсерім мүлде бөлек!

Өзі оқыған оқу ордасына табан тіреген Сұлтанқызы кездесу барысында қарапайым студенттен танымал тележүргізушіге қалай айналғанын баяндап, сәттіліктің құпиясымен бөілісті.