Сан-алуан жарнаманың жұлдызына айналған Криштиану Роналду, өз жолын енді ұлының да қуғанын қалайды. Бұл сөзіміздің дәлелі, атышулы аяқдопшының атұстарымен бірге арнайы роликте түсуі.
Танымал спортшының ұлымен бірге түскен видеосы желіге жариялағаны сол-ақ еді, жанкүйерлер жылы лебізін жаудыра жөнелді. Аталмыш, бейнеролик Криштану Роналдудың жеке бренді үшін арнайы түсірілген. Танымал аяқдопшының компаниясы, 2014 жылдан бастап ерлерге арналған киім-кешек шығарумен айналысады.
Джиджи Хадид қиын күндерді бастан кешіруде. Сәнбике сирек кездесетін «Хашимото» аутоиммунды дертінің құрбанына айналды! Бұл туралы ол, өзінің твиттер парақшасында айтқан болатын. Джиджидің бар шындықты жайып салуына, хейтерлердің «арықсың»» деп айыптаған жазбалары түрткі болған.
Ескірмеген махаббат! Күні кеше Орландо Блуммен ат құйрығын үзіскен Кэти Перидің, сүйіктісіне деген суыған көңілі қайта жылынғандай. Қырағы көпшілік, әйгілі әншінің әлеуметтік желідегі экс-ғашығының парақшасына, жылы лебізін жазып жүргенін байқап қалған. Соған қарағанда, екеуінің қайта қауышар күнінің де ауылы алыс емес секілді.