Шет елден тамыр-таныс тапқың келсе, Қоянбаевқа хабарлас! Нұрлан үшін Қазақстаннан гөрі, өзге мемлекетте кәсібін дөңгелеткен қолайлырақ сияқты. Өткен жылдың соңында ғана ол америкалық актерлерді қатыстырып толықметрлі картинаны таспаласа, бұл жолы тайландтықтардың тілін тапқан...
Нұрлан күні кеше киносүйер қауымға тағы бір фильмін таныстырды. Қазақ жастарының шет елдегі демалысы жайлы комедия, Таиландта таспаланған. Бірақ, өзге мемлекетте түсірілген туынды Қоянбаевтың қалтасын жұқарта қоймапты.
Нұрлан Қоянбаев, актер, продюсер:
- Әрине, бас салып Таиландқа барсаң көп қаражат кетеді. Бірақ біз бірден барған жоқпыз. Есептедік. Ол жерде көптеген компаниялармен сөйлесіп, сол демеушілер бізге қолдау көрсетті. Сол жерде біз болған қонақүй, жартылай бізге тегін нөмірлер берді. Сондықтан Тайланд болса да, барлық жерде тіл табысуға болады.
Қоянбаевтың кезекті картинасы, студенттердің бастан кешкен шытырман оқиғаларын суреттейді. Сюжет бойынша, жас қыз-жігіттер әлдебір тылсым күштің әсерімен Тайландқа аяқ-асты тап болады. Бірақ, табиғаттың тосын мінезі, түсірілім тобын әбден әбігерге салған көрінеді.
Дәулет Бижанов, актер:
- Қиын кезеңіне бардық Тайландтың. Су тасиын деп жатқан кезде, судың бетіне қалқып медузалар шығады екен. Біздің қаптап жүрген медузаның, үстінен секіретін жеріміз бар. Сол сәтте, бір-екі рет арамыздағы жұмысшыларға кесірі де тиді.
Бұл фильмнің алғашқы көрермені, өз басынан өткен шет елдегі қызықты хикаяларын да есіне алды.
Нұржан Керменбаев, әнші:
- Досым «орех» сұрашы дейді де. Сол орехты ағылшынша түсіндіре алмаған болар. Орехты ауызымен былай сұрағаным бар. Сол кезде жатып құлап, кәдімгідей біраз оқиға болған.
Дәурен Айдарқұлов, актер:
- Өте бір қатты суықтардан кейін, осындай ыстық киноның шығуы менің ойымша ерекше кино болды. Көңілімнен жақсы шықты. Тек қана мен емес, залдағы кісілерде шапалақтап, өзінің ризашылығын білдірді.