Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында, 23-ші қысқы Олимпиада ойындары жалғасуда. Қазақстандық могулшы Галышева қоржынымызға тұңғыш қоланы да салды. Ержүрек Юлияның жүлде үшін жанталасқан сәтінде қолы сынған деседі.
Қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева, Олимпиада ойындарындағы могул сайысының финалдық кезеңінде 77.40 ұпай жинап, қола жүлдені ұтып алды. Спортшымыз сайысқа сынған қолымен қатысқан. Бұл Пхёнчханда ел құрамасының қоржынына түскен тұңғыш медаль.
Букмекерлік кеңселер Олимпиада ойындарында, 12-ақпан күні өтетін фристайлдан жекелей могул жарысына болжам жасады. Бұл сайыстың айқын фавориттері: канадалық Микаэль Кингсбери жүлде алады дегенге - 1.02, ал екінші орындағы қазақстандық Дмитрий Рейхард медаль еншілейді деген болжамға - 1.8 коэффицент берілген. Тағы бір фристайлшымыз Павел Колмаков жүлде алады деген бәске – 9.5 коэффициент ұсынылған.
12 - ақпанда Пхенчхандағы қысқы Олимпиадада қазақстандық спортшылар бірнеше сайыс түрінен өнер көрсетеді. Қос фристайлшымыз Дмитрий Рейхард пен Павел Колмаков жекелей могулда жарысқа шығады. Жанкүйерлер бұл додада Қазақстан қоржыны тағы бір медальмен толығады деп күтуде. Конькимен жүгіруші Екатерина Айдова 1500 метрлік қашықтықта бақ сынайды. Биатлоншылар Галина Вишневская мен Дарья Усанова ізге түсу сайысында өнер көрсетеді. Тау шаңғысы спортынан Мария Григорова жарыс жолына шығады.