2015 жылғы Канн кинофестивалінде биік өкшелі туфли кимеген қыз-келіншектер, қызыл кілеммен жүре алмай, дау туған еді. Ал, биылғы 68-ші халықаралық Берлиналеде, мұндай оғаш қылықтарға орын жоқ. Фильмдерді таныстырудан бөлек, мұнда сексуалды зорлық, бопсалау мен қысым көрсету тақырыптары де қызу талқыланбақ.
Осыдан үш жыл бұрын Канн кинофестивалі даумен аяқталғаны бар. Салтанатты шараға биік өкшелі туфли кимеген әйелдер қауымына, қызыл кілеммен жүру бақыты бұйырмаған еді. Берлиналеде мұндай талаптардың тізімі қысқарып, қарапайым дресс-код ұсынылды!
Киноиндустриядағы сексуалды бопсалауға, әлемдегі зорлық-зомбылық пен қысым көрсетуге қарсы үн қату, бұл айтулы салтанаттың рухани ұранына айналмақ. #MeToo деп аталатын жаһандық қозғалыста осында. Саяси-әлеуметтік мәселелерге де назар аударту үшін, Берлинале кинобайқауының бас-аспазы рөліне Сириялық босқын қыз - Малаке Язмати таңдалған.
Берлинале кинофестивалінің 400-ге жуық мейманы Таяу Шығыстың асханасынан дәм татқан соң, баршасы таныстырылымға шығатын картиналарды тамашалауға аттанады.
Көрермен қауым Кирилл Серебренниковтың «Лето» картинасына аса ықылас танытып отыр. Фильм аты аңыз Виктор Цойдың ғұмырының беймәлім тұстарын ашып көрсетуге уәде беруде. 90-шы жылдардың жұлдызды рок орындаушысының рөлін Тео Ю есімді актер сомдаса, белгілі музыкант Рома Зверь де туындыда бой көрсетпек.
Кинофестиваль шымылдығын ашатын «Собачий остров» анимациялық картинасы. Қоқыс тасталатын аралға жер аударылған иттердің оқиғасы қызықты болмақ. Себебі, басты кейіпкерлерге дауыс сыйлағандар: Йоко Оно, Скарлетт Йохонсон, Тильда Суинтон мен Билл Мюррей.