Шетелдік селебрити қазіргі уақытта Нью-Йорк қаласына ұшақ билетін қарастырып жатқан болуы керек. Себебі, алып шаһарда, сән апталығы өз шымылдығын түрді.
New York Fashion Week-те жапондық Тадаши Шоджи, өз тың топтамасын таныстырды. Сәнгердің сөзінше, коллекцияның дүниеге келуіне арқау болған #metoo флешмобы. Харви Вайнштейнның дауынан кейінгі сылқымдардың хабарламалары, дизайнерді ойландырмай қоймапты.
Тадаши Шоджи, сәнгер:
- Біз топтамамыздың тақырыбын «Батыл әрі Сенімді» деп алдық. Арулар ашық-шашық киінгендіктен зорлықтың құрбаны болып отыр, барлығына өздері кінәлі деп елдер жазғыруда. Мен бұл пікірмен мүлде келіспеймін, әр әйел әрдайым өзінің тартымдылығын жасырмауы тиіс.