Сыртқы келбеттері сан мәрте сынға іліксе де, q-pop субмәдениетінің өкілдері қайырымды жандардың қатарынын қалыс қалған емес. Қазақ поп музыкасын насихаттап жүрген «Newton» ұжымы, күні кеше игі бастамада бой көрсетті. Толығырақ тілшіміз тарқатсын!
Бұл бас қосу кезекті патилердің бірі емес. «Newton» жігіттері бой көрсеткен кеш - қайырымдылық шарасы. Серілердің сөзінше, төрттіктің әр мүшесі өмірде де жан-дүниесі жабырқаулы жандарды жиі қуантуға ұмтылатын көрінеді.
«Newton» тобы:
- Үлкен әжелер тұрады. Қиналып тұрады. Әрине, сол кезде тиын беріп, көмектесеміз. Мүмкіндік болған кезде.
Бұдан былай, бұл бойзбенд «қайырымдылық қорын» құруды құп көріп отыр. Тың идеяны насихаттау мақсатында «Newton» өнердегі әріптестеріне үндеу жолдады.
«Newton» тобы:
- Алдағы уақытта біздер қайырымдылық қор құрып, қайырымдылық концерттер жасағанымыз өте дұрыс болады деп ойлаймыз. Бүкіл кью-поп, кью-поптан бөлек те әртістер жиналып, бір үлкен қайырымдылық қор жасасақ өте дұрыс болады.
Қайырымдылық кешіне арнайы келген топ жанкүйерлерінің де қарасы мол. Түрлі тартулары мен тәттілерін қолтықтай жеткен «Newton» фанаттары, өз кумирлеріне деген лебіздерін аямады.
-«Newton» тобын көру үшін, осы концертке келдік. Бір күн дайындалдық.
- «Newton» өте күшті. «Newton» маған өте ұнайды.
-Маған өте ұнады. Стильдері де ерекше. Динамичный дейді ғой...
Дәл қазір, топ мүшелері «Шимайла» деп аталатын трекке, жаңа бейнебаян таспалауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, «Newton» адал қолдаушыларына арналған, ауқымды фан-митингтің де ауылы алыс емес!