Ирина Шейк алып роботпен қол ұстасып саxнаға шықты

Сообщить о проблеме с эфиром

Сахнада бой көрсеткен алып робот пен «Plus Size» сәнбикелер,  сезімге ерік берген Виктория Бекхэм! Бұл күндері, Нью-Йорктегі фэшн уиктің көркі қызуда. Сән салтанатында одан өзге, қандай қызықтар болды?

Фэшн майталмандардың басын қосқан айтулы салтанатта, «Jeremy Scott» өз топтамасын бірінші таныстыруды Джиджи Хадидке сеніп тапсырған. Дизайнер,   ашық-жарқын киімдерін, сәнбикелердің қызғылт түсті шаштарымен айшықтай түскендей. Мұндай ерекше образда, Джиджи ханым ел есінде көпке дейін қалары сөзсіз.                                                                                                                                

  Джереми Скотт, сәнгер:                                                                                          

Әлем онсыз да әр нәрсеге салмақты қарайды. Жер шарында небір оқиғалар болуда. Шығармашылық адам ретінде, топтамам арқылы махаббат пен күлкіні арамызға қайта алып келгім келді.                                           

Америкалық дизайнер Christian Siriano болса, танымал тұлғаларға жүгініп, өз көрсетілімін жарнамалап әуре болмады. Есесіне, ол «Plus Size» сәнбикесі арқылы жұрттың қызу талқысына ұшырады. Кештің жұлдызына айналған 30-жасар Эшли Грэм, артық  салмақтың еш кедергі еместігін дәлелдей білді.         

Ал, Ирина Шейк фэшн сахнаға алып роботпен қол ұстаса шығып, айды аспанға бірақ шығарды. Әсемдік әлемінде бұрын-соңды орын алмаған мұндай әсерлі шоу, Philipp Plein сән үйіне тиесілі. Топтаманың тақырыбы да, супер қаһармандар жайлы туындылардың сюжетіне сай.                                                

Киімдерін халық назарына ұсынуда, Виктория Бекхэм қарапайымдылықты қолдайды. Сән саласында он жылдан астам уақыт еңбек етіп жүрген ару, өз көрсетілімінің қадірлі меймандары ретінде жанұясын шақыруды жөн санапты.