Әлем спортшылары Олимпиада ойындарында барын салып жатқанда, Ұлыбритания халқы Гарри Ханзада мен Меган Марклдың үйлену тойына әзірлігін бастап кеткен. Жұлдызды жұп той көйлегі мен айтулы шараның өтетін жерін таңдап қойған көрінеді.
Кенсингтон сарайы сыртынан тон пішкен Ұлыбритания халқын, бұдан-былай әбігерге салғуға құлықсыз. Корольдік отбасы Гарри ханзада мен Меган Марклдың үйлену тойына байланысты, бар ақпаратты жайып салды. Ресми мәлімдеме бойынша, неке қию рәсімі мамыр айының 19-жұлдызы, Виндзор сарайы аумағындағы Әулие Георгий шіркеуінде өтпек.
Инсайдерлерден Меган Марклдың қандай ақ көйлекке таңдау түсіргені белгілі болды. Ханшайымның неке киімін тігу мәртебесі, танымал сәнгер Антонио Берардиге бұйырады деген болжам бар.
20-жасар Кайли Дженер қырағы папарацци құрығына түсті. Нәрестесін дүниеге әкелгеніне он күн толар-толмастан, сәнбике құрбысы Джордан Вудспен кездесуге аттанған. Күні кеше ана атанған аруға қарап, жағдайының жақсы екенін ағңаруға болады.
Демеуіңе мұқтаж емеспін! Ким Кэтрол әлеуметтік желі арқылы, ағасының қазасына көңіл айтқан Сара Джессика Паркерге жауап берді. «Сенің махаббатың мен қолдауыңның қажеті жоқ. Анам бүгін ғана сен сияқты екіжүзді адамның, мені қашан өз жайыма қалдыратынын сұрап еді» деп араларындағы өшпенділікті өршіте түсті...