Туған күніңмен ZaQ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Мембердің балалық шағының, ешкім білмес естіліктері қандай?«Найнти уандық» Зак болса, кино түсіруді бала кезінен ойлаған көрінеді. Сондықтан ол болашақта әсерлі картиналар таспалап жатса еш таңқалмаңыз. Мембердің өзі дәл бүгін туған күнін тойлауда. Ал, біз осыған орай Дулаттың ешкім естімеген естеліктерін біліп көрдік.

«Ninety one»-дық туған күн иесін - топтың жетекші рэпері, ән сөздерінің авторы және камера алдында көсіле сұхбат беретін мембер ретінде жұрт жақсы таниды. Осындай қабілетімен ұжымның көшбасшысы атанған Зак, өмірде қандай?

ZaQ, «Ninety one» тобының мембері:                                                                          

- Мен көп ашулана бермеймін. Негізі ашуланып үйренбегем. Егер де, бірнәрсе ашуыма тиетін болғанның өзінде де, мен тырысамын ол нәрсені өнермен шығарып тастауға. Біздің өлеңдерде бар менің ашуланғаным, бірақ мен негізі бірқалыптымын. Кез-келген жағдайда сабырлық сақтауға тырысатын сері, балалық шақтан бері мінезінің аса өзгере қоймағанын айтады.                                                                                     

ZaQ, «Ninety one» тобының мембері:                                                                                         

-Үйдегілердің айтуы бойынша енді, аса көп еркелемейтінсің дит. Бірақ, менің есімде, әртүрлі көп әртүрлі ойыншықтар «Өрмекші адам, Бэтмен, Рейнджерлар» барлығын бір-бірімен төбелістіріп ойнайтынмын. Анандай қылып елестететінмін, кино түсіріп жатырмын деп...                  

Бүлдіршін қиялында фильмдерді таспалаған ол, болашақта өзі сол картиналардың жұлдызына айналамын деп еш ойламағаны анық.                           

ZaQ, «Ninety one» тобының мембері:

- Мен кішкентай кезімнен осылай көрдім өзімді негізі. Яғни, мен тым кішкентай болған кездері, төрт-бес жасымда, менің ағаларым плейердің құлаққаптарын тығып қоятын құлағыма. Ол жерде кілең рэп жүріп тұратын.

Кезінде Эминемнің хит әндерін тыңдап өскен «Зак», бүгінде талай иглздың кумирына айналды.