«Меццо» тобы тыңдарман тартудың тың тәсілін тапты

Сообщить о проблеме с эфиром

«Меццо» тобы залды тыңдарманға толтырудың тың тәсілін тапты! Енді, біздің елде классикалық музыка трендте. Тыңдарман талғамының өсуіне үлшеусіз үлес қосып жүрген - «Меццо» тобының жігіттері. Кроссовер жанрында ән салатын вокалистер, залды халыққа лық толтырудың тың тәсілін қалай тапты?

Осыдан бір жыл бұрын алғашқы ән кешін өткізген Меццолық жігіттер, биыл да сол үрдістен жаңылған жоқ. Репертуарды жаңа туындыларымен толықтырып, екінші рет ауқымды концерт өткізді. 

«Mezzo» тобы:

- Екі аптаның ішінде билеттің сатылып кеткеніне қарағанда, тыңдаушыларымыз бар деген сөз. Оған біз қуаныштымыз. Біз үшін ол алдағы концертті ұйымдастыруға үлкен шабыт береді.

Талантты жігіттерді қолдауда әріптестері де қол қусырып қалған жоқ. Мәселен, әнші Әсел Қарсыбаеваның ай-күні жақындаса да, Меццолық музыканттардың шашбауын көтеріп келгенін айтады.

Әсел Қарсыбаева, әнші:

- «Меццо» тобын өте қатты сыйлаймын. Өзімнің әріптестерім, бауырларым барлығы. Көптеген сахнада бірге шығып жүрген әріптестерім болғандықтан, екінші жеке концерттерінде демеу көрсетейін деп, әдемі бір әнді орындайық деп тұрмыз.

Опера әншісі Сүндет Байғожин да, осы кешке құрметті қонақ ретінде шақырылған. Әлемдік деңгейдегі жұлдыздың афишада көрсетілмеуі, жігіттердің алдын-ала құрылған жоспары екен. Ал, бұл тартуға аң-таң болған халық, саф өнердің серісін ерекше қошеметпен қарсы алды. 

Сүндет Байғожин, опера әншісі:

- Мүмкін концерттік бағдарламада жоқ шығармын. Бұл «Меццо» тобының, өздерінің көрермендеріне жасап жатқан сыйлығы. Мен үшін үлкен құрмет! Арнайы дуэтіміз басқа концерттерде болған. Осы жолы аға өзіңіз шығыңыз, өз өнеріңізді көрсетіңіз, сіздің келгеніңіз біз үшін үлкен құрмет дегендей...