Хайди Клум, Эшли Грим, Ли Дэниелс болса, көмекке зәру жандардың қамын күйттеп жүр.. Нью-Йоркте кезекті AmFAR қайырымдылық кеші өз есігін айқара ашты. Биылғы жылы игі шара несімен есте қалды? Тілшіміз баяндасын.
AmFAR қайырымдылық шарасы 1985 жылдан бастап, СПИД-пен күрес жолында қаржы жинаумен айналысып келеді. Әдетте, игі кешке шақыртылған меймандар, салтанатты шараға кіру үшін арнайы билет сатып алуы тиіс. Одан бөлек, қадірлі қонақтар арасында қатерлі дертті жоюға ат салысып жүрген белсенді жұлдыздар да бар.
Бұл жолы AmFAR кешіне қатысып, көмекке зәру жандарға қолұшын созғандар көшін әйгілі режиссер Ли Дэниелс бастады. Киномайталманның көкейін тескен мәселе, афро-америкалық қауымдастықтардың мүшкіл хәлі көрінеді. Одан бөлек, өнер иесі камера алдында өзінің өкпе-назын білдіріп де қалды.
Ли Дэниелс, режиссёр:
- Трамптың тарапынан қандай да бір көмек көрген емеспіз. Афро-америкалық қауымдастыққа келер болсам, ең алдымен олардың ағарту ісімен айналысқанымыз жөн. Медицинадағы білместік, көріп отырғандарыңыздай үлкен қатерге алып келіп отыр.
Қайрымды жандарды жақындастыратын кеш барысында сән көрсетілімдері мен ерекше концерт қойылады. Атаулы шараның, танымал сәнбике Хайди Клум үшін де маңызды ерекше.
Хайди Клум, сәнбике:
- Біз барлығымыз бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Мен Амфармен бірге 2000-жылдан бастап жұмыс істеп келемін. СПИД-ке шалдыққандар өз дертімен күресіп келеді, мен олармен бірге күресуге дайынмын.
Әлемнің сән сахналарын бағындырып жүрген ару, 2020 жылға дейін ауыр дертке қарсы дәрінің ойлап табылатындығына сенімді...