Қарақшылардың ізін кесу! «Охота на воров» картинасына көрерменнің таласа баруының құпиясы неде? Банк тонау ісі – ақыл мен ептілікті талап ететін, құдды бір ғылыми ізденістен құрылған қылмыстың түрі. «Көп асқанға бір тосқан!» Сол ұрылардың ізіне түсіп, адымын аштырмай құрықтауды қалайтындар да жетеді! «Охота на воров» картинасы осыны суреттейді! Көрермен оған таласа билет алуда...
Алғашқы уик-эндінде америкалық «Охота на воров» атыс-шабыс фильмі, 60 млн-нан астам теңге жинап, бұл аптада мәреге бірінші келді. Банк тонауды өзге ұрылардай кәсіпке емес, құмар ойынға айналдырған топтың соңына қатыгез іс кесушілер түседі. «Өзіңнен мықты шықса, екі көзің сонда шығады» дегенді, режиссер Кристиан Гьюдгэстың бұл картинасынан анық көресіз.
Екінші орынға 38 млн теңгелік кассалық табысымен «Движение вверх» драмасы жайғасты. Қазақ баласы да ойнаған, КСРО баскетбол құрамасы жайлы сыр шертетіне картина, кеңес жаттықтырушысы Александр Беловтың естеліктерінің желісімен таспаланған.
«Три билборда на границе Эббинга, Миссури» картинасы 30 млн теңгені қоржынына толтырып, үздік үштікті қорытындылап тұр. Фильм режиссері «Оскардан» үмітті - Мартин МакДона.
Бір жұмадағы кассалық табысымен көш бастаған картиналар тізімінің төртінші сатысына, «Бегущий в лабиринте: Лекарство от смерти» фильмі тұрақтады. Дилан О’Брайен басты рөлді сомдаған картина 18 млн теңге жинақтаған.
Мықтылардың бестігін бүтіндеген «Бизнес по-казахски в Америке» комедиясы. Продюсер Нұрлан Қоянбаев пен режиссер Жеңісхан Момышевтің жобасы Қазақстан айналымынан 550 млн теңге пайда тауып, «ең кассалы картина» деген рекорд орнатқан еді. Бұл аптада фильм 17 млн теңге еншілеген.