Париж шаһарында көрермен қауым көптен күткен «50 оттенков свободы» картинасының тұсауы кесілді. Еске салар болсақ, бұл махаббат сезімдеріне толы атышулы драмалық триллердің үшінші бөлімі.
Фильмнің басты кейіпкері Анастейша Стил, премьерада да жарық жұлдызға айналды. Салтанатты шараға Дакота Джонсонмен бірге қатысқан Джейми Дорнан, бұдан былай фильмнің жалғасына түспейтінін кесіп айтты.
Джейми Дорнан, актёр:
-Егер, Джеймс Фоули картинаның төртінші бөлімін түсірер болса, мен төбе көрсетпейтінімді бірден айтамын. Себебі, жасым келді. Кейіпкерім Кристиан Грэй, халықтың есінде сымбатты сері ретінде қалғаны дұрыс.