Головкин, Сочиде өтіп жатқан халықаралық бокс форумында екі бірдей марапатты еншіледі! Геннадий «бұл менің ғана емес, бүтіндей командалық еңбектің жемісі» деп атап өтті. Орта салмақтағы төрт бірдей чемпиондық белбеудің иегерін, қазақ бокс жанкүйерлері де шын жүректен құттықтауда!
Орта салмақтағы WBA, IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин, алдымен "Жыл боксшысы" номинациясында "Бокс аңызы" деген атақты жеңіп алды. Марапаттау рәсімі Сочиде өтіп жатқан Халықаралық бокс форуы барысында болды. Отандасымызға сыйлықты WBC презденті Маурисио Сулейман табыстады.
Геннадий Головкин, орта салмақтағы әлем чемпионы:
Мен бұл сыйлықты өзімнің командаммен және сіздермен де бөліскім келеді. Сіздердің қолдауларыңызға әрқашан сенеміз! Боксқа деген адал қызығушылыққа берік болдық. Маған сенім білдірген барша жанкүйерлеріме алғыс.
Халықаралық бокс форуымы алғашқы рет өтуде. Бұл жиынға кәсіпқой бокстағы ең беделді ұйымдардың басшылары мен AIBA мүшелері қатысады. Головкин осы салтанатты шараның бет-бейнесі болып таңдалыпты. Бұл жиынға Бақтияр Артаев және Бақыт Сәрсекбаев сынды қазақ боксшылары да шақырту алған.
Геннадий бұл марапаттау кешінде, өз сыйлықтарын алуға сахнаға екі мәрте көтерілді. "Жыл жекпе-жегі" аталымы бойынша тағы да Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасында өткен кездесу үздік деп танылды.
Техникасы ең мықты боксшы болып Хорхе Линарес атанса, WBSS сериясы жылдың "үздік жобасы" байқауында жеңді. "Аңыз" деген атақты КСРО құрамында екі рет Олимпиаданы жеңген Борис Лагутин алды.