Латын музыкасының беделін асқақтатып жүрген Малуманың жанкүйерлеріне жағымды жаңалық! Әлемнің әр түкпірінен өз тыңдарманын таба білген өнерпаз, енді ән сапарға аттанбақ.
Ауқымды шараға «F.A.M.E.» деп айдар таққан колумбиялық сері, испан және ағылшын тіліндегі тректерден құралған жеке жинағын да жазып қойған.
Малума, музыкант:
-Жоспарлап отырған турымның форматы мүлде өзгеше болады.
Дыбыс, бишілер, ұйымдастыру барлығын мықтап қолға аламын. Менің ойымша, бұл елдің есінде қаларлық үлкен шоу болмақ.