Айқын мен Жұлдыз өмірде жұп екендерін жұрттан жасырғанымен, олардың өнер жолында продюсер мен әнші ретінде бірге жұмыс жасап жатқандары белгілі болды. Екеуі бұл жайында мардымды жауап бермесе де, Эрик Тастембеков әңгіменің шетін шығарды.
Жұлдыз бен Серіктің бұл дуэті, жаңа жылдық кештердің бірінде алғаш рет орындалған. Қос әншінің бірлесіп жұмыс жасауына ұйытқы болған Эрик Тастембеков пен Айқын екен.
Серік Гамза-заде, әнші:
-Маған продюсер Эрик ағам айтты: Жұлдызбен дуэт айту керек деп. Менің білуімше Жұлдыздың тарапынан түсті. Өйткені ол сахнаға шыққысы келді. Сахнаға шықпағанына бір жыл, бір жарым жылдай болған.
«Сырласу» әні алғашқыда Серік пен Сандаға арнайы жазылған. Дегенмен, бұл қыз бен жігіттің диологын, Эриктің шәкіртінің атышулы Жұлдызбен орындауы, жеке танымалдығын арттырудың тың тәсілі ме деген ой келеді. Бірақ, Гамза-заде бұл қадамын пиар амалына балап отырған жоқ!
Серік Гамза-заде, әнші:
-Ол нәрсені өзім негізі жақтырта бермеймін. Біреудің атағының арқасында, өзім кішкене просмотр жинап қаламын-ау, атақтылық жинап қаламын-ау, деген нәрсе ұнай бермейді. Әншісің бе сен өзіңнің өнеріңмен таңқалдыр. Біреудің бірдеңе бүлдіріп қойғанымен емес...
Дуэт жалғасын таба ма, деген сұраққа Тастембеков бұл тақырыпты Төлепбергенмен талқылау керектігін айтады. Өйткені, Жұлдыз Өмірғалидың жаңа продюсері Айқынның өзі болып шықты.
Эрик Тастембеков, продюсер:
-Жұлдыз Өмірғалимен Серіктің жазған әні көпшіліктің көңілінен шығып жатқан сияқты. Өйткені, екі әншінің дауыстарында өзара үйлесімділік барын байқадым. Ал, дуэттің жалғасы жайлы Жұлдыздың продюсері Айқыннан сұрау керек!