Лондонда «Бегущий в лабиринте: Лекарство от смерти» картинасының тұсауы кесілді. Бұл, жеткіншек жастардың ыстық ықыласын иеленген фильмнің ақырғы бөлімі болмақ. Су жаңа сиквел де көрерменнің көңілінен шыға алар ма екен?
Жасөспірімдерге арналған танымал трилогияның соңғы бөліміне де, Томастың бастан өткерген оқиғасы негіз болған. Бұл жолы бозбала жолдастарымен бірге, әлемді қатерлі дерттен құтқаратын дәріні іздеуге шығады.
Шытырман мен фантастикаға тұнған картина, дарынды жазушы Джеймс Дэшнердің кітабы бойынша таспаланған. Сиквел осыдан бір жыл бұрын көрермен қауымға жол тартуы тиіс еді. Алайда, басты рөлді сомдаған Ди́лан О’Бра́йен аяқ-асты жарақат алғандықтан, кинотуынды енді жарық көрді.
Дилан О’Брайен, актер:
-Триллогияның аяқталғаны әрине өкіншіті. Ортақ түсірілім алаңында жұмыс істеп, әрдайым бірге болғандықтан, бір-бірімізге бауыр басып қалдық. Өзге актерлермен әрдайым байланыста боламыз деп үміттенемін.
Тұсаукесер рәсімінде жеткіншектердің сүйіктісіне айналған жас актерлер жанкүйерлерімін қауышып, өз көрермендеріне деген қимастығын білдірді.
Уилл Поултер, актер:
-Қазіргі таңда біздің арнайы фан-домымыз да бар. Бұл жетістігіміз үлкен қолдаудың арқасында деп білемін..
Еліміздің киносүйер қауымы тың туындыны қаңтардың 25-нен бастап, үлкен экрандардан тамашалай алады.