Тыңдарманын жаңа туындылармен қуантуды сиреткен «Мистерионстықтарды» енді танымал вайнерлер қол астына алмақ. Топтың мұндай қадамға баруына түрткі болған не? Жауабын тілшіміз біліп көрген еді.
Дильен, «Мysterions» тобының мүшесі:
- Ескі «Мистерионстан» кішкене адамдар шаршады. Мысалы, қазір көбінесе жас топтар көбейіп кетті. Кью-поп бағытында. Және де жастар сол бағытта кетіп қалып жатыр. Біз өзіміздің материалдарымызды жаңарту мақсатында, жаңа бағытта боламыз.
Ұзақ уақытқа созылған шығармашылық үзілістен кейін, «Мистерионстық" серілер тыңдарманын қайта қуантуға ниетті. Алайда, бүгінгі жаңа топтармен бәсекелесе алу үшін, жігіттер креативті жандардың көмегіне жүгінген.
Дильен, «Мysterions» тобының мүшесі:
-Музыкалық тұрғыда жаңа бағыт, жаңа клиптер, жаңа образдар, жалпы жаңа логотип брендинг, жалпы «Мистерионс» тобын жаңарту бағытында, осы креативті адамдарды таптық Юфреймнен. Олар бізге көмектесуге ұсыныс салды, біз оны қабылдадық.
Бұдан былай, әр қадамымыз кәсіби мамандардың жіті қадағалауында болады деген әнші, небәрі жарты жылда үш бейнебаян таспалап, 10 жылдық есеп беру концертін де өткізуді жоспарлап қойғандарын айтты. Жігіттерден тұратын ұжым, біраз уақыт шығармашылық тоқырауды бастан кешкен.
Дильен, «Мysterions» тобының мүшесі:
-Әрдайым танымал болу, әрдайым хиттер жазу мүмкін емес. Сондықтан, осындай топтарға кішкене демалыс керек. Кішкене ой жиып, кішкене басқа жұмыстармен айналысып.
Демалыстағы Дильеннің, кезінде актерлікке де бет бұрығанын білеміз. Одан өзге, сері жарты жыл бұрын стилист атанып, дүкен ашуды көздеп жүрген еді.
Дильен, «Мysterions» тобының мүшесі:
-Өз-өзімді табу мақсатында енді әртүрлі қадамға барамыз ғой, әртүрлі бизнес ашамыз. Мысалы, мен кішігірім магазин ашайын дегенмін, аштым. Бірақ, жүрмей қалды...
Өз-өзін жеке кәсіптен емес, өнерден қайта тапқан әнші, енді шығармашылыққа білек сыбана қайта кіріспек...