2017 жыл «Найнти уандық» мемберлер үшін несімен есте қалмақ?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Найнти уандықтар» үшін бұл жыл жемісті болды. Кью-поп орындаушылар киноға да түсіп, жеке шығармашылығына да уақыт таба білген еді. Мемберлердің ең маңызды сәттері қандай? Бірге еске түсірейік!

Биылғы сәуірде «Наунти уандық» серілер сахнаға оралып, «Қараңғы жарық» үнтаспасымен елді елеңдеткен еді.  Одан бөлек, кью-поп орындаушылар бір жыл ішінде бас-аяғы бес бейнебаян таспалап үлгерді.

Ары қарай мемберлер Қазақстан аймақтарына турнесін бастап кетті. Әуелі Талдықорған, кейін Тараз, Орал, Ақтау, Қостанай, Өскемен, Семей, Қарағанды қалаларында ән кештерін өткізген еді..

Ал, «Найнти уандықтардың» өмірін баяндайтын толықметражды туындының жарыққа шығуы, иглздың қуанышын еселей түскені бар.

Ерболат Беделхан, продюсер:

 90 пайыз бұл шынайы болған оқиғалардан құрылған. Сондықтан да, әрине көкркем фильм болғананан кейін кейбір заттарды ақырынырақ көрсетіп, кейбір заттарды керісінше.

Фильмнің ыстығы басылмастан, кью-поп орындаушылар  «Қағаз кеме» телехикаясының түсірліміне білек сыбана кірісті.

«Ninety One” тобы:

-Кейбір кездер болды, біз екі сағаттан, үш сағаттан ұйықтайтын. Кейбір кездер болды, мүлде ұйықтамай, мысалы сериалдың дәл қазір түсірілімі болып жатса, ол таңға дейін болуы мүмкін

Соған қарамастан, «Найнти уандықтар» жанкүйерлеріне арнайы уақыт тапты.  Тығыз кесте, мемеберлердің иглзбен табиғат аясында жүздесуіне кедергі емес.

АСЕ,  «Ninety One» тобының мембері:

-Көңіл-күй жақсы! Ауа-райы керемет және таза ауа. Және мықты творчествалық процес болып жатыр! Неше түрлі өнерлі, неше түрлі әуен би аралас.

Жігіттер үшін жыл жемісті болғаны айқын. Мемберлер алдағы уақытта да жанкүйерлерін өз өнерімен қуанта бермек!