Ақбота мен Айдарқұловтың ақиқаты! Жұлдыз Өмірғалидің өміріндегі өзгеріс!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жыл бойы ешбір тілшінің құрығына түспегенімен, алғаш рет Ревю» журналистеріне жан сырын ақтарған жұлдыздарымыз да жетерлік. Иә, өздеріңіз сезіп отырған боларсыздар, кезекте эксклюзивті сұхбаттар...

Жұлдыз Өмірғали, әнші, актриса:

-Бәріміз адамбыз... Ертеңгі өміріміздің қандай боларына кепіл бере алмаймыз. Мен мынандай болмаймын, мен мынандай істеймін. Басымнан өтпейді деп айта алмаймыз. Себебі, ертеңгі өмір қандай екенін, қандай бұрылыс болып, сен қандай адаммен жолыққаныңды өзіңде білмей  қаласың. Сол себепті сөзімізді тыяйық, ойымызға тек қана жақсылықты қабылдайық.

Бұл әлеуметтік желіде жеке басына тіл тигізіп, жағымсыз пікірлерді қарша боратқан оқырмандарға Жұлдыздың берген жауабы болатын. Ұзақ уақыт үзілістен кейін эксклюзивті сұхбат берген «Кешьюдің» экс-әншісі, жуырда ғана отандық шоу-бизнеске қайта оралды.

Иә, жыл басында тату жұп екендерін жариялаған Ақбота мен Дәурен, қыркүйек айында екіге айырылысқандарын «Ревю» бағдарламасы арқылы ресми түрде хабарлаған-ды.

Ақбота Сейітмағамбет, әнші, актриса:

-Маңдайға жазғаны болар. Әрине өкініш жоқ. Сондықтан да, қазір менің жақындарым, туысқандарым қолдап жатыр. Өзімнің Ибраһим атты сәбиім бар. Аллаға шүкір. Бәрі ойдағыдай!

Атышулы Айдарқұлов та БАҚ өкілдерін көрсе, не себепті сырт айналатынын айтып, алғаш рет «Ревю» тілшісіне ағынан жарылғаны бар. 

Дәурен Айдарқұлов, актер:

-Мен тек қана жеке сұрақтардан ғана қашамын. Өйткені, менің ойымша ол жеке сұрақтар, жеке сұрақтар! Ал, бүкіл Қазақстанға не үшін жариялаймын...? 

Қазір Мөлдір де жұбайымен бір шаңырақ астында тұрмайды-мыс! Әуелбекова жеке өмірінде мұндай жайсыздық барын растамаса да, Алматыға қоныс аударғанын бірінші ретте бізге айтқан еді. Бірақ, бүгінде баласының әкесі Арыстан Астанада тұрып жатыр.

Мөлдір Әуелбекова, әнші:

-Енді өнер ордасы біздің Алматы! Бізде қаншама әншілер Астанаға қоныс аударып қайтіп келді мысалға. Оны барлығы біледі. Соның ішінде мен де бармын. Өнер ордасы, мәдениет ошағы осы жер. Жұмыстың барлығы осы жерде бізде.