Сан спортшымыз биыл жарқын жеңістерімен елді қуантты. Олардың еңбегінің өтеуі болған қаржылай табыстары да қомақты. Әрине, көш басында соңғы жекпе-жегінде бірнеше млн доллар еншілеген Головкин тұр. Қалғандарының қал-ахуалы қалай екен?!
Головкин Альвараспен өткізген жекпе-жегінде қоржынын 25 млн долларға толтырған еді. Мұндай мөлшердегі ганорар, қазақстандық өзге спортшылар үшін әзірге қол жетпес арман. Бірақ, олар да табысымыз жаман емес дейді.
Руслан Әбдіразақ, «Алматы барысы - 2017» жеңімпазы:
– «Арландар» сайысын ұттым, «Алматы барысын» ұттым, «Темір тұлпарды» ұттым, мұның бәрі шыны керек метариалдық тұрғыда өте үлкен көмек болды.
Айдар Шәрібаев, кәсіпқой боксшы:
– Ганорарымызды айтуға болмайды бізге. «Құрғақ қасық ауыз жыртады» деген сөз бар, тегін төбелеспейтінміз анық. Тұрмысқа жетеді...
Қазір One FC-де атойлап жүрген Қайрат Ахметов, ең жоғарғы гонорарын осы промоушенде алатынын айтады.
Қайрат Ахметов, «Alash Pride FC» промоутерлік компаниясының спортшысы:
– Гонорарым жақсы болғандықтан, осы жақты жүрмін деп айтуға болады. Мораеспен болған жекпе-жекте ұтылып қалғандықтан көп ала алмадым, жеңгенде көп алушы едім. Бірақ, соңғы жекпе-жекте жақсы алдым.
Палуандардың да жеңісі мен жетістігі үшін алған қаржысы көңілге қонымды.
Ұлан Рысқұл, «Қазақстан барысы - 2011» жеңімпазы:
«Қазақстан барысы» атанғанда 150 мың доллар сыйақы берген. Сосын, жанашыр жандар көлік сыйлап, пәтер беріп жатты.
Елдос Сметов, «Рио» олимпиадасының күміс жүлдегері:
-Елбасынан алған сыйлығымыз. Олимпиада жүлдегерлеріне арналған жүлдеқордан алған ақшамыз, ең қомақты алғаным сол деп ойлаймын.
Миллиондар бәске тігілсе де, спортшыларымыздың ең бірінші елдің намыс ту жықпау деген бұлжымас серті бар.