Арман Оспанов биылғы қыркүйектегі сәтсіздігінен кейін, сегізбұрышқа оралады. Ол 23-желтоқсанда кезінде өзі нокаутқа түсірген, байырғы қарсыласы Алексей Полпудниковпен жекпе-жек өткізбек.
Арман Оспанов, «Alash Pride FC» промоутерлік компаниясының сарбазы:
– 15 сайыс өткізіп, соның бәрінде жеңіске жетіп, өз-өзінің мықтылығын дәлелдеп келе жатыр. Бірінші раундта мүмікін бір-бірімізді аңдысу болады. Ол көп салмақ қуатын болатындықтан, жылдам қимылдамайды. Ол аяққа нық тұрады, ударға қатты кіреді. 23-желтоқсан күні, АСВ 77 турнирінде белгілі болады, кімнің қандай жігерде, қандай дайындықта келгені.
Мәскеуде өтетін бұл АСВ-77 турнирінде Оспановтан мыңдаған жанкүйері жеңіс күтетіні ақиқат. Бәрі ойдағыдай болса, UFC-дің ауылы да алыс емес дейді Арман. Тағы бір «Алаш Прайд» сарбазы, жеңілмеген Асылжан Бақытжанұлы да аталмыш промоушендегі тұңғыш айқасына шықпақ. Жігіттерге сәттілік тілейміз!