Биыл қазақ поп музыкасын насихаттауда жас әншілердің де белсенділігі анық байқалды. Осы кью-поп бағытын дәріптеп жүрген қыз-жігіттердің ішінде, көш бастаған жоба жайлы білесіз бе? Біз айтамыз!
Блэк дайл – осы жылы тұсауы кесілген алғашқы бойзбенд. Кью-поп бағытында ән салатын бестік бүгінде ауқымды аудитория жинап үлгерді.
«Black Dial» тобы:
-Жауапкершілік көп! Яғни, халықтың көзінде, нысанада жүресің, адамға үлгі бересің дегендей...
Дәл осы қара домалақтардан кейін, қазақ поп музыкасына аңсары ауған қыз-жігіттердің қарасы күрт көбейді. Алайда, әр жобаның өзіндік ерекшелігі бар.
«White way» тобы:
-Біздің ерекшелігіміз ол біздің жасымызда. Былай қарасаңыз Қазақстанның шоу-бизнесінде ондай жасөспірімдер жоқ. 15-16 жастағы әртістер жоқ, топтар жоқ.
«Оu» тобы:
-«Ою» дегеніміз ең біріншіден қазақы тектілігімізді ұмытпау мақсатында, және де «Ою» - ол сұлулық символы. «Ою» - ол таңба және із деп айтылады. Сондықтан, біз өзіміздің өнерімізбен өнер жолында таңба, ізімізді қалдырғымыз келеді!
«MadMan» тобы:
-Біздің фишкаларымыз, біздің құрамда өзге ұлттар бар. Мысалға, біздерде кәрістер бар, метистер бар...
Таяқтың екі ұшы бар демекші, тауық жылы жастар үшін жемісті болғанымен, көпшілік сынына ұшырағандары да жоқ емес. Бірақ, өнерді өмірім деп ұққан жастар, барлығына төтеп беруге әзір.
«Newton» тобы:
-Біздің сырт келбетке, шаш боялғанға көп әңгімелер айтатын болса, оларға мән бермеуге тырысамыз. Неге десеңіздер біз осы жолды өзіміз таңдадық. Ал, егер біреудің пікіріне, сынына еріп кетіп, осы заттың бәрін қойып қойсақ бәз өзіміздің таңдауымызды дұрыс жасамадық деген сөз.
Кью-поп бағытын дәріптеп жүрген қыз-жігіттер арасында көш бастап тұрған – Зируза. Әнші қыз 9 айдың ішінде қос клипті таспалап, 5 тректі жарыққа шығарып үлгерген. Сондай-ақ, үздіктерді анықтайтын «Жыл таңдауы-2017» жобасының арнайы номинациясын еншіледі.