Отандық һәм әлемдік фэшн өндіріс жаңа жылдың басты дресс коды– жылтыр көйлек дейді. Яғни, алтын, күміс және қола түстес луктарға таңдау түсіріңіз. Нәзік шілтері маталардан тігілген образдар да ұтымды көрінеді!
Айгүл Қасымова, сәнгер:
-Мерекелік көңіл – күй сылайтын ашық түстерді таңдаңыз! Міндетті түрде жылтыр түспен болғаны жақсы. Пішімі кең тігілген көйлектер сәнде. Дегенмен, лук сіздің мүсініңіздің кемшілігін жасырып тұруы қажет.
Ит – тұрақтылықтың белгісі. Сондықтан, ерлерге де дәстүрінен жаңылмай классикалық костюмдерге таңдау түсірген дұрыс. Дегенмен, түстерді ойнатуға әбден болады. Мәселен, қоңыр, сұр мен жасылдың ашығырақ өңдеріне басымдық беру қажет.