Ал көрермендерін премьералармен қуантып, қалтасын біршама қампитқан отандық жұлдыздар, мереке қарсаңында шетелге аттануға асық. Сонымен, кім қайда жиналды? Жауабын өздері айтсын.
Телетуындыларда төбе көрсетіп, «Инстаграмщица» картинасына түсіп үлгерген Анара Батырханға жыл жемісті болғандай. Тынымсыз еңбек еттім деген ару, енді ат басын Үндістанға бұрмақ.
Анара Батырхан, актриса:
-Жаңа жылдан кейін Үндістанға кететін ойым бар. Мен Шакрух Кханмен кездесейін деп жатырмын. Боливудқа барайын деп жатырмын...
Атқарылған жұмыстарымен көзге аса түсе қоймаған Айдай Исаева жаңа жылды үйде қарсы алғанды місе тұтпақ.
Айдай Исаева, модель:
Жаңа жылды отбасыммен қарсы алғанды жақсы көремін. Бірақ қазір елу де елу үстінде. Мүмкін Дубайда қарсы алып қаламыз жаңа жылды...
Өнердегі үзеңгілес әріптестерімен салыстырғанда, Гүлзира мен Нұртас Айдарбековтер отандық туризмді қолдайды.
Гүлзира Айдарбекова, продюсер:
-Биыл енді ойлап тұрмыз, жаңағы Бурабайда таза ауада достарымызбен үш-төрт күн демалсақ деген шешімдеміз.
Бір жылда бүкіл қазақстанды бірнеше рет гастрольдік сапармен аралап шықса да, Гүлзира Айдарбекова туған жерден алыстамайды. Әйтпесе, Қайраттың анасы бәрінен де көп еңбектенді емес пе?