Дарынды Марк Уолберг қауіпсіздік қызметінің арнайы агенті кейпінде! «Все деньги мира» картинасында төбе көрсеткен ол, енді өзгенің өмірін құтқарып қалуы тиіс. Мойнына үлкен жауапкершілікті артқан актер, өз міндетін толықтай орындай алар ма екен?
Санаулы күндерден соң, 1973 жылы болған шынайы оқиға желісімен таспаланған «Все деньги мира» картинасы көрерменге жол тартпақ. Детективті триллерде, миллиардер Пол Геттидің құрыққа түскен немересінің тағдыры суреттеледі.
Марк Уолберг, актер:
-Ридли мықты режиссер. Фильмді таспалау барысында, түсірлім алаңына емес, киномектепке келгендей күй кештім. Одан үйренерім көп.
Ал, Мэтт Дэймон мен Кристоф Вальц Александр Пейннің әлеуметтік сатирасында шынашақтай адамға айналды.
Картина сюжетінде, ғалымдар халық санының көбеюі мәселесін дәл осылай шешуге шақырады. Алайда, кішкентай адамадарды алда жаңа қиындықтар күтіп тұрған еді..
Мэтт Деймон, актер:
-Бұл сатира, күлкі арқылы үлкен мәселелерді қозғалмақ.
Киногер Скотт Купер болса, вестерн жанрында таспаланған «Недруги» туындысы арқылы көрерменін әсерге бөлемек. Америкалық соғыс жайында сыр шертетін драма, әркімге де ой салары сөзсіз.
Розамунд Пайк, актриса:
-Бас кейіпкердің отбасы қанды қырғын ортасында қалады. Сценарийді оқи сала көзіме жас алдым. Түрлі эмоцияға толы туынды.