Роза Рымбаева соңғы кездері өзіне жиі жолданатын сауалдың нақты жауабын берді. Иә, халық әртісі ұлы Әлиді үйлендіріп, «жұлдызды енелердің» қатарын толықтырмақ. Дүбірлі тойды келер жылға жоспарлап отырған көрінеді.
Роза Рымбаева, ҚР Халық әртісі:
-Бұйырса той болады біздің үйде де! Бұйырса балам үйленеді. Биыл емес тек қана!
Иә, Роза ханымның ресми мәлімдесіне қарап, келесі жылы келін түсіруге қамданған ниетін аңғардық. Ал, 3 жыл бұрын отағасы атанса да, дүбірлі тойды биыл өткізген Төреғали, жұбайы Толқынды алғаш рет қазан айында қалың көпшілікке таныстырды...
Толқын Тұрарбекқызы, Т. Төреәлінің жұбайы:
-Аллаға шүкір, ерекше бір сезім. Әрбір қазақ қызына осындай сезім тілеймін.
Төреғали Төреәлі, әнші:
-Бір күнде 4-5 ақынмен айтысқан кездер болды ғой. Бұлай қобылжымайтын едім. Бүгін ерекше бір қобалжу болып тұр. Бұдан кейін үйленбеспін десең ә...
Төрештің досы Асылхан да биыл бойдақтығымен қоштасты. Үйленуі жайлы жан баласына жақ ашпаған актер, Айсұлу есімді арумен шаңырақ көтерді.
Асылхан Төлепов, актер:
-Айтады ғой өмірде үш нәрседен жаңылыспау керек. Мамандық, дос, жар таңдаудан деп. Аллаға шүкір, ойлаймын осы үшеуінен жаңылыспадым деп...
Осы жылы Жүгінісовтер жанұясы да тағы бір жанмен толықты. Аталмыш әулеттің тұңғышы Рүстем отау құрып, әнші жігіттің таңдауы Айжан атты аруға түскен. Бүгінде жас жұбайлар алғашқы сәбилерін күтіп жүр.
Рүстем Жүгінісов, әнші:
-Қасымдағы үйленген достарым айтып жатады, үйленген былай тұрсын, ертең балаң болғанда, мүлдем басқа әсер аласың деп. Енді Алла бұйыртса, сол күтіп жүрміз енді.
Биыл Жеңіс Ысқақова келін түсіріп, «жұлдызды ене» атанса, қатардан қалмай Ернар Айдар ақ құсын қолына қондырған-ды! Сондай-ақ, тауық жылы бұл тізімді екінші рет үйленген Асхат Тарғынов толықтырса, Ақбота Керімбекова үшінші мәрте тұрмысқа шыққан болатын.