Сүйінші хабар қазірдің өзінде былғары қолғап шебері – Қанат Исламның шаңырағынан жетіп үлгерді! Боксшының жұбайы - шекесі торсықтай ұлды өмірге әкелген. Бұл спортшының бесінші перзенті.
Балпанақтай батырының жарық дүние есігін ашқанын айтып, Қанат Ислам инстаграм арқылы жұртшылықтан сүйінші сұрады! Расымен, тауық жылы жемісті болғаны анық! Спортшылардың да, шоу-бизнес жұлдыздарының да шаңырағынан сәбидің іңгәләған үні жиі естілді. Мәселен, былғары қолғап шебері Генадий Головкин де екінші рет әке атанып, қызды болды.
«GGG-дің» артынша тоғыз жыл күткен перзентімен қауышқан Дастан Оразбековтің де қуанышында шек жоқ! Әнші шақалағын қолына алып, боксшы болуын тіледі. Тіпті, ұлының есімі мен тегі әйгілі Головкиннің лақап атымен сәтті үндесе кеткеней. Яғни, Дәрібайтегі Демирел Дастанұлы.
Дастан Оразбеков, «Орда» тобының әншісі:
Головкинге әр кезде қызығатынбыз. Өйткені, екеуіміз құрдаспыз. Әрдайым бір әріп жетпей қалатын. Осы жолы жеткіздік «TриплДи» болды.
Биыл, «Қайрат» капитаны Бауыржан Исламханның да шаңырағы сәби үніне бөленді! Тіпті, ізбасары өмірге келгеніне шабыттанып, Қазақстан супер кубогін қанжығаларына байлағанды.
Бауыржан Исламхан, «Қайрат» футбол клубының капитаны:
– Сезон дейді бізде де, 2-сі күні балам өмірге келді, 4-і күні Қазақстан супер кубогiн ұттық. Әйеліме рахмет ұл сыйлағанына.
Бір қызығы, биыл танымал тұлғалардың басым көпшілігі ұлды болған! Мәселен, Айдана Меденова, Динара Қырықбаева, Шоқан Маратұлы, Ақбота – Нұр Сейітмағанбет, Серік Ибрагимовтер! Баршасына, бөбектеріңіздің бауы берік болсын дейміз!