Салтанат Бақаева перзентіне көктемде жарық өмір сыйлайды! Ева Лонгорияның да толғағы сол кезбен тұспа-тұс келмек! Иә, жаңылыс естіген жоқсыз! Актриса 42 жасқа толғанда ана атанамын деген арманына жетті.
Бикеш құрсағына құт бітуі мүмкін екеніне өзі де күмәнмен қарайтын! Дегенмен, жасы келсе де, аяғы ауырлаған. Енді, бірнеше айдан соң қамшы ұстар батырды өмірге әкелмек. Бұл актриса үшін тұңғыш перзент болса, күйеуі - миллиардер Хосе Антонио Бостон төртінші баласын асыға тосуда!
Дакота Джонсон ана атануға ертерек қамдануға ниетті. Әзірге, 28 жастағы сылқым нағыз махаббатын іздестіруге белсене кіріскен. Нақтырақ айтсақ, тауып та үлгергендей... Ол өзінен 12 жас үлкен «Coldplay» тобының әншісі Крис Мартинмен көңіл қосыпты. Екеуін қырағы фотографтар Париж әуежайында таспаға тартып алған.
Папарацци Леонардо Ди Каприоның да құпиясын ашыпты. Актердың тек сәнбикелерге аңсары ауып тұратыны, ешкімге де жасырын емес шығар... Дегенмен, олар түсірген кадрлар серінің жүрегін бұл жолы жаулаған арудың - аргентиналық Камилла Моррен екенін көрсетті.