Еліміздің шоу-бизнес өкілдері, өз уик-эндтерін жоспарлап әлек. Мерекеге орай, алда барша отандастарымызды демалыс күндер күтіп тұрғаны белгілі. Қазақстандықтар уақытын қалай тиімді өткізе алады? Бұл сұраққа жұлдыздар жауап берді.
Жүрдек пойыздан қалып, жаяулата жақындарын аралағанды жөн көретін Серік Ибрагимов, шетел асып ақша шашатындардың қатарынан еместігін айтады.
Серік Ибрагимов, әнші:
-Негізі, мен өз басым көп демалыс берсе, ауылға ата-анамның қасына кеткенді жақсы көремін. Негізі ең тынышы сол ғой...
Ал әлеуметтік желіде, ақылды посттармен көзге түсіп жүрген «Мистерионстық» Дильен болса, қолы қалт етсе, білімін жетілдіруді дұрыс деп санайды.
Дильен, әнші:
-Егер біз демалып жатсақ, әрине мен осы күнді, осы сәтті пайдалана отырып, кітап оқи отырып, үйде отырамын. Бүкіл қазақстандықтарға мәдени орындарға баруға кеңес беремін.
Қазақстандықтар үшін, алдағы демалысты қызықты өткізудің жолдары жетерлік. 16-желтоқсан күні, елордада «Бәйтерек» монументінің маңында, Алматыда «Астана» алаңында эстрада жұлдыздарының қатысумен арнайы концерт ұйымдастырылады. Одан өзге, еліміздің әрбір шаһарында мерекелік бағдарламалар қарастырылған.
Алматылықтар болса, Астана алаңында сағат 21:00 де, ал елорда тұрғындары Есілдің бойында сағат 22:00-де әсерлі отшашуды тамашалай алады!