Голливуд жұлдызы Уилл Смиттің көңілі алаң күйде. Актер, тұсауы жаңадан кесілген «Яркость» картинасы, көпшіліктің оң бағасын иелене ала ма екен деп уайымдауда. Премьерада төбе көрсеткен ол, күмәнін журналистерге жеткізген еді.
Лос-Анджелесте қаржысы қомақты жобалардың бірі «Яркость» картинасының тұсауы кесілді. Netflix кинокомпаниясы, фантастикалық боевикті таспалау үшін, 90 миллион долларға шығындалған еді.
Премьерада төбе көрсеткен Уилл Смитке, шытырман оқиғалы картинаның көрермен көзайымына айналғаны маңызды.
Уилл Смит, актер:
-Түсірлім ерекше болды деп айта алмаймын. Әдеттегі процесс. Мен үшін, картинаның қалай таспаланғаны емес, қандай бағаға ие болатыны маңызды. Уайым да жоқ емес. Шынымды айтсам, бұл фильм менің ішіме еніп кеткендей күйдемін.
Фэнтези сюжеті адамдар мен эльфтер селбесе өмір сүрген, тылсым әлемді сипаттайды. Картинада жамандықты жеңу үшін, басын қауіп-қатерге тіккен Уилл Смитпен бірге, Джоэл Эдгертон, Нуми Рапас сынды дарынды актерлер ат салысқан.
Кинолентаның режиссері ретінде, «Отряд самоубиц», «Форсаж» сынды сәтті шыққан туындыларымен етене таныс – Дэвид Эйер еңбек еткен.
Дэвид Эйер, режиссер:
-Адамдардың басы қосылғанда, біздің фильмімізді сөз етсе, мұның өзі жетістік дер едім. Бұл, туындыны әлем қабылдай алды дегенді білдіреді. «Яркость» фильміне көрермен бағасын өзі бере жатар.
Шытырман оқиғаға толы фантастикалық туынды желтоқсанның 22-сінен бастап үлкен экрандарға жол тартпақ!