Баян ханымның су жаңа тегіне әріптестері неге үйренісе алмай жүр? Есентаева, Мақсатқызы әлде Алагөзова?! Соңғы бір жылда тегін сан мәрте өзгерткен Баян ханымның су жаңа фамилиясын, әріптестері жатырқап жүргендерін жасырмады. Отандық шоу-бизнес өкілдерінің қызу талқысына түскен тақырыпты, тілшіміз тарқатсын.
Жуырда ғана заңды түрде неке қидырып, дүйім жұрттан сүйінші сұраған Тұрсенғали мен Баян, ерлі-зайыпты екендерін растайтын ресми құжатты да желіге жүктеді. Дегенмен, танымал продюсердің су жаңа тегі, отандық шоу-бизнес өкілдеріне әлі күнге таңсық естіледі.
Айдана Меденова, әнші:
-Мен Мақсатқызы деп үйреніп қалғанмын. Сондықтан, маған бәрібір! Мен Баян Мақсатқызы деп айтамын.
Сиви Махмуди, әнші, актриса:
-Баян Мақсатовна деген өте әдемі, жарасымды! Өзінің әкесі атақты кісі білемін. Сол себептен, сол фамилияға барлығы үйреніп қалған ғой. Алып жатқан фамилиясы өздері үшін ғой.
«Алагөзова» деуге аузы бармайтындар, Баянның бұрынғы тегін сақтағанын қалайды. Өйткені, продюсердің елге Есентаева болып танылғаны есімізде дейді.
«Melo'Men» тобы:
-Енді, Баян Есентаева өзінің фамилиясында қалғаны дұрыс деп ойлаймын. Өйткені, ол кісі сол фамилиясымен көтерілді. Сол фамилиямен атын жасады. Халыққа Есентаева болып танылды ғой. Сол фамилиясы хит қой негізінде...
Айқын Төлепберген, әнші:
-Әрине, Есентаеваға үйреніп қалдық, Баян Есентаева!!! Фамилиясын өзгерткеннен оның оқырмандары, қолдайтын адамдары азайып немесе көбейіп кетпейді. Өмірдегі кішігірім өзгеріс деп ойлаймын.
Айтпақшы, өмірін жаңа парақтан бастаған Баянның екінші мәрте қалыңдық атанғанынан, экс-жұбайы да хабардар болса керек. Өйткені, 9 жылға темір торға тоғытылған Бақытбектің қарындасы Нағима Есентаева, инста-парақшасы арқылы ағасына адал жар іздейтінін айтып, арнайы пост жариялаған.