«Штат Небрасканың» жұлдыздары Біржан Әшім мен Тават та махаббат шоғын маздатып жүр ме? Жанкүйерлерін бұл сауал жиі толғандырады. Олар да әр бейнероликтерінде ғашықтарды сомдаумен, отқа май құя түсуді біледі. Нақты жауабын видеоблогерлердің өздері айтсын.
Таспалаған видеотуындыларында олар махаббаттарын еш жасырмайды. Бірақ, сезімдері жайлы ашып айтуға келгенде құлықсыз.
Біржан Әшім , «Штат Небраска» каналының негізін қалаушы:
– Мы, не будем отвечать на этот вопрос!
Әйткенмен де, әріптестері олардың шынайылығына күмәнданады, сезімдеріне секеммен қарайды.
Артур Асқарұлы, «Yuframe» командасының вайнері:
– Біржан мен Таваттың қарым-қатынасы – пиар қадам! Әрине, жеке өмірлеріне араласқым келмейді, бірақ жалған махаббат екені байқалады.
Артурдың айтуынша, фолловерлердің қызуғушылығын оятуға дәл осындай пиар қажет. Кезінде, өзі де Адинамен араларын жалғайтын ұлы сезім бардай кейіп танытқанды. Дегенмен, блогерлер танымалдықты тек мұндай жолмен арттыруға қарсы. Атағың асқақтауы үшін, тынбай еңбектену қажет дейді олар.
Жандос Тұңғышбаев «Jokeasses» командасының вайнері:
–Сенің видеоларың онша емес болса да, бірақ сен оларды жиі, аптада бір рет сала берсең бәрі – бір ол адамдарға жетеді. Өз аудиторияңды таба аласың...
«Yuframe» командасы:
– Телефонды алып, камерасын қосып түсіре бастау керек. Өміріңді көрсетіп, ойыңмен бөліс. Міндетті түрде назарға ілігесің.
Себебі, олардың бәрі де кезінде блогингке ермек ретінде қарағанды.
Рамазан Малғаждар - «Аминка – Витаминка» каналының авторы:
– Басында біз мұрағат ретінде болды да бізде Ютуб канал. Біз телефондағы видео түсіргенімізді бәрін соған салып отырдық. Жоғары қарай өрмелеп бара жатқанымызды көрдік та, сапалы контент жасауға тырыстық.
Ақсұлтан Қалиев , «ХаХа Шоу» каналының негізін қалаушы:
– Шығармашылық кризис дейді ғой, дағдарыс болып жүрген кез. Алматыға көшіп кеттім. Жаңа бірдеңе бастау керек болды, ютуб жаңадан бастадық.