Кинокартина, кассалық жиыны бойынша табыстылар тізімінен табыла ма, жоқ па оны уақыт еншісіне қалдырайық. Туынды дарынды жазушы Агата Кристидің романы желісі бойынша түсірілген.
Жиль Паке-Бреннер, режиссер:
-Туындыны таспалау барысында, балалық шағым есіме түсті. Агата Кристидің кітабын ерте кезден оқитынмын. Режиссер ретінде, жазушының еңбегін заманға сай, жаңашыл түрде көрсетуге тырыстым.
Детективті драма желтоқсанның 22-сінен әлемнің үлкен экрандарына жол тартпақ!