Атақты Rolling Stone журналы Джеки Чан ойнаған «Иностранец» фильміне үш бірдей жұлдыз сыйлапты. Басылымның пайымынша 63 жасар актердің, бұл кино мансабындағы ең драмаға толы рөлі екен. Мақтауы асқан картина отандық прокатта да табысқа кенелуде.
«Здравствуй, папа, Новый год! 2» Жаңа жылдық франшизасы осы жұмада бар-жоғы 8 млн теңге жинады. Уилл Феррелл мен Марк Уолбергтің бірігіп түскен картинасы, осылайша табыстылар тізімінде бесінші орынға жайғасты.
Кассалық жиынтығы жөнінде төртінші көрсеткішке жеткен «Очень плохие мамочки 2» картинасы. Мила Кунис, Кристен Белл, Шерил Хайнс бой көрсеткен комедия бұл бес күндікте 22 млн теңгедей табысқа кенелді.
«Счастливого дня смерти» болса қоржынын бұл уик-ендте 25 млн теңгеге толтырды. Детективті фильмнің көрермендерін, туған күн кешінде бүлік салған бетперде киген бейтаныстың оқиғасы қызықыратын секілді. Картина осылайша үшінші орынға жайғасты.
Бұл аптаның үздіктері сапында екінші болған Джеки Чанның «Иностранец» фильмі. Аталмыш лента бұл аптада 26 млн теңгені қалтасына басты. 63 жасар атақты Джекидің «бұл ең сәтті драмалық рөлі» деп аталуда. Бюджеті 35 млн долларды құрайтын картина, өз-өзін жақсы ақтаған секілді.
Бұл демалыс күндері мәреге 32 млн теңге табыспен қара үзіп келген «Тайна Коко»болды. Анимациясының үздіктер көші бастауы алғаш рет емес. Pixar студиясының бұл өнімі ересектер мен балақайлардың көңілін тең тапқан.