Дильназ Ахмадиева да юзерлердің қолдауынан дәмелі! Сылқым Лос – Анджелесте ән байқауына қатысып жүргенде таспалаған бейнебаянының тизерін көптің талқысына салды!
«Со мной» деп аталатын махаббат хақындағы әнді шырқаған сылқым кадрда ер адаммен бірге бой көрсетеді. Ол – модель, Рикки Мартиннің бишілер труппасында еңбек ететін Niels van den Heuvel есімді сері.
Бейнебаянға Өзбекстандық танымал клипмейкер – Баһадүр Юлдашов режиссерлік еткен. Ол бұған дейін де, Ахмадиеваның біраз клиптерін түсіріп бергенді.. Дегенмен, Юлдашев Лос- Анджелеске қоныс аударғалы олардың шығармашылық тандемі үзіледі. Енді, қайтадан жаңғырып жатыр...