Айнұр Ілиясова, бұдан-былай продюсер ретінде бағын сынамақ. Актриса Juz entertainment тәлімгері, Мерей Зейнеш есімді азаматты қанатының астына алған. Жас орындаушының кезінде «Найнти уан» құрамына енуі де мүмкін еді. Мемберлерге қосыла алмаған ол, бүгінде кью-поп бағытында ән салмаймын дейді.
Сәбиінің дүниеге келуі, танымал актриса Айнұр Ілиясоваға шалқар шабыт сыйлағандай. Нәрестелі болғалы, әуелі жәрмеңке ұйымдастырып еді, енді міне продюсерлікке қол созды.
Айнұр Ілиясова, актриса, продюсер:
Өте талантты бала - Мерей Зейнеш деген. Ол менің жерлесім, Шығыс қазақстанның тумасы. Оны білгелі он жылдан астам уақыт болды деп айтайын.
Он жылдай қолқа салған жас әншінің, жетекшісі болуға күні кеше келіскен Ілиясова, жаңа жұмысына бірден білек сыбана кірісе қоймапты.
Айнұр Ілиясова, актриса, продюсер:
Қаржылай жағын қалай айтсақ, "фифти фифти" дейді ғой солай шештік. Дәл қазіргі клиптің бәрін өзі жасап жатыр. Мен пиар жағынан көмектесмеін деп айта алам.
Музыка әлемінде жаңа бағыт арқылы, тыңнан түрен саламыз деген орындаушы, ерекше әндерімен баурап алмақ ниетте.
Мерей Зейнеш, әнші:
Әннің аты «Стоп, стоп». Бұл деген жаңа бағытта, панк бағытында. Бізде Қазақстанда тұңғыш осыны дамытатын, адамдар болатын ойымыз бар.
Мерей осы уақытқа дейін Жүргенов ат. Өнер академиясын тәмәмдап, Лондон мен АҚШ-та білімін жетілдіріп үлгерген. Ұзақ жылдар бойы Франция циркінің солисті қызметін атқарыпты. Тіпті, кезінде «Жүз интертейменттың» тәлімгері болған көрінеді. Жан-жақты дарын иесінен, Айнұр Ілиясованың ендігі үміті зор.