Төрт қабатты зәулім сарайын тартып алған экс-күйеуін, Шакизада қалай жазалады?

Сообщить о проблеме с эфиром

Әнші Шакизада да аңқаулығының кесіренен, бірнеше рет зардап шектім деп мұңын шақты. Тіпті, төрт қабатты зәулім сарайын өз жұбайы тартып алған екен.

 

Әнші Асан Құрманбеков есімді азаматпен он жыл отандасып, ақыры сәби сүйе алмаған екеуі ат құйрығын үзіскенді. Бірақ, бұл тіл табысқан тарқасу емес еді. Себебі, неке уақытынды ортақ мүлік болған зәулім баспананы, экс-күйеуі алдап алып қойған.

Шахизада, әнші:

– О баста үйді алған кезде құжаттарға қарамағанмын! Құжаттардың барлығы ағасының атында болған. Соған да, соншалықты мен өзім алданғаныма өзім таңқаламын да. Сондай үлкен алдауға түсіп қалғаныма.

Бұрынғы күйеуінің азаматтық арына сын болсын деп қана, әнші бұл істі жылы жауып қойған. Мәдина Сәдуақсова да жиі алданады. Соңғысында, «Бақай» тобымен бірігіп концерт өткізкізіп, қомақты қаламақы қолтықтап қайтуы тиіс еді.

Мадина Сәдуақасова, әнші:

– Бес мың адамдық зал тола, біз оны білеміз, бізді шақырған кісі әйел кісі жоқ. Телефондары сөніп қалған. Бізді концертке апаратын адам да жоқ. Біз концертке барамыз ба, бармаймыз ба ол кісіге мейлі болып тұрды. Түсінікті болды енді ол кісінің бізді алдап кеткені.

Ақыры, абыройлары айрандай төгілмес үшін сахнаға шығып, концертті тегін өткізген. Ал, Айқын болса қорлықты қаржылық пирамидалардан көрдім деп қынжылады.

Айқын, әнші:

– Бизнес ашамыз, бүйтеміз, сөйтеміз деп... Мың доллар салсаң, екі жетіден кейін мың жарым доллар болады... Енді, ол алаяқтық емес, сондай финансовый пирамидаларға жолыққан кездерім болды.

Тым сенгіш жұлдыздар қаскөйлердің құрығына жиі ілігетіндерін жасырмайды. Бірақ, бірде-бірі алаяқтардың артына шырақ алып түсіп, жазалау жәйін ойламапты.