Ән де саламын, би де билеймін! Ирина Шейк жаңа жылдық ерекше роликте төбе көрсетті.

Сообщить о проблеме с эфиром

Сән кешінің жарық жұлдызы болған  Ирина Шейк, барлық іске  уақыт табатын пысықтар қатарынан. Жақында ғана нәрестелі болса да, ару өз мансабын шетке ысыруда мүлді ойламайды.

Мәселен, ол жаңа жылдық жарнама ролигіне де түсіп үлгерген көрінеді.. Маған да аздаған осындай ширақтық жетіспей жүр.

Модель бұл мерекелік видеода Джон Кортахарен, Джордан Данн мен Адвоа Абоа сынды сәнқойлармен дарынды дизайнерлердің топтамасын жарнамалайды. «Jingle Bells» әнін шырқап, тамаша биімен тәнті қылған Ирина, жұртқа жаңа жылдық көңіл-күй сыйлауды осылай бастап кеткен.

Ал, әпкелі-сіңлілі Кардашьян жұмысқа білек сыбана кірісуге әлі асықпайды. Отбасылық өмірге ден қойған Ким мен Кортни, бүлдіршіндерінің туған күнін  бірге атап өтті. Жұлдызды аналар, атаулы шараға «Корпорация монстров» мультфильмі стилін таңдаған.

Таяуда Гарри ханзадамен некесі қиылған Меган Марклға, жанкүйерлері тыныштық берер емес. Бұл жолы, журналистердің қолына корольдік отбасының  келінінің түйіндемесі түскен. Көпшілікті, құжаттағы актрисаның массаж жасаушы, диджей, тіпті клубтағы жартылай жалаңаш биші рөлін де сомдай аламын деген сөздері таңырқатқан.