Лондонда сән саласының кіл мықтыларына - «The Fashion Awards» марапаты табысталды. Бұл салтанатқа Ирина Шейк, Селена Гомес, Кайя Бербер, Наоми Кэмпбелл сынды арулар қадірлі қонақ болыпты!
Инстаграм желісінен атақты спортшы Конор МакГрегордың да, сол шарада түскен суретін көзім шалған еді...
Ол рас! Саған ұнайтын қызуқанды ирландиялық ММА өкілі де сонда жүр.
Сегізбұрыштың серкесі Конор МакГрегор, бұл салтанатта да қызыл кілем жұлдызы болды. Әдемі киінуге құмар әйгілі спортшы, өзге танымал өнерпаздармен бірге фешн саласының үздіктерін қолдауға келген..
Болдуин, модель:
-Менің ойымша, белгілі бір саланың адамы болғаның еш маңызды емес. Шабытымның оянып, мансабымның өсуіне түрткі болған жандармен бірге, уақыт өткізу мен үшін үлкен қуаныш!
«Fashion Awards» ерен еңбегі мен ұшқыр қиялының арқасында, дараланған дарынды дизайнерлерден мараптын еш аямады. Жүлдені еншілегендер қатарында сәнқой Адвоа Абоа да бар. Жылдың «ең үздік моделі атанған» 25 жасар ару, дәл осылай Джиджи мен Белла Хадидтті шаң қаптырған.
Абоа, сәнқой:
-терісінен бас тарқан модель ретінде, көзге түстім деп ойлаймын. Қазіргі таңда Вивьен Вествуд бастаған бір топ сәнгерлер, менің көзқарасымды қолдауда.
Арнайы марапатқа үміткер болмаса да, Селена Гомез, Рита Ора, Памела Андерсон, Пинк, Наоми Кэмпбелл бастаған сұлулар - кеш шырайын ашқан қадірлі қонақтар.
Ирина Шейк меймандарды мінсіз мүсінімен тәнті етті. Көптің көзі модельдің ұзын аяқтарына еріксіз түскені бар.