Өткен демалысын отандық әзілкештер Шымкентте өткізді! Себебі, әріптестері Мақсат Мамраимов құсын қолына қондырып, ұлан – асыр той жасады. Актер неке қию салтанатын кіндік қаны тамған мекенде атап өтуді жөн санапты.
Жүрегін жаулаған Сәуле есімді аруды, сері Астанадан ұзатып алып келген. Ғашықтар Алматыда танысқан екен. Графикалық дизайнер мамандығы бойынша машықтанған жарым, шоу-бизнестен жырақ жүреді, - дейді өнер иесі. Сондықтан да, шақырылған меймандардан жұбайының суреттерін әлеуметтік желіге жүктемеуді өтінген. Дегенмен, «Ревю» жаңалықтарына жеке мұрағатынан бірнеше эксклюзивті кадрларды жолдады.